Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» Ла Лига чемпионы атанды

«Барселона» Ла Лига чемпионы атанды

Каталондықтар 2024/25 жылғы маусымдағы чемпиондықты сырт алаңдағы жеңіспен рәсімдеді — «Эспаньолды» 2:0 есебімен ұтты.

Матчтың 53-ші минутында Ламин Ямаль есеп ашып, шешуші голдың авторы атанды. 80-ші минутта үй иелері алаңда бір ойыншысынан айырылды — Леандро Кабрера ВАР қаралымынан кейін Ямальдің құрсағына соққы жасағаны үшін тікелей қызыл қағаз алды.

Қосымша уақытта Фермин Лопес екінші голды соғып, матчтың соңғы есебін белгіледі — 2:0, «Барселона» чемпион!