Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» — Ла Лига-2024/25 маусымының чемпионы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барселона» — Ла Лига-2024/25 маусымының чемпионы

Испания чемпионатының аяқталуына екі тур қалғанда «Барселона» мерзімінен бұрын Ла Лига чемпионы атанды. 36-турда каталондықтар «Эспаньолды» сырт алаңда 2:0 есебімен жеңді.

  • 53-минутта есепті Ламин Ямаль ашты
  • 90+5-минутта Фермин Лопес жеңісті түйіндеді

Осылайша «Барселона» 36 турда 85 ұпай жинап, басты қарсыластары үшін қуып жетуге мүмкіндік қалдырмай, чемпиондықты ресми түрде қамтамасыз етті.