30.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» кеңесшісі төрешілерге шүйлікті: «Реалдың» қысымынан қорықты»

«Барселона» кеңесшісі төрешілерге шүйлікті: «Реалдың» қысымынан қорықты»

Onda Cero мәліметінше, «Барселона» президенті Жоан Лапортаның кеңесшісі клубтың Испания Кубогы финалында төрешілер тарапынан әділетсіздікке ұшырағанын мәлімдеді. Айта кетейік, каталондықтар бұл ойында «Реалды» 3:2 есебімен жеңген болатын.

Кеңесшінің айтуынша, төреші Рикардо де Бургос Бенгоэчеа «Барселона» пайдасына үш бірдей пенальти белгілемей қойған. Оның ішінде матчтың 43-ші минутында Пау Кубарсидің айып алаңында Дани Себальоспен қақтығысы және қосымша уақытта Антонио Рюдигердің Ферран Торреспен жанасуы бар.

«Чемпионатта бұл сәттерді ВАР міндетті түрде тексеретін еді. Бірақ бұл жолы төрешілер “Реалдың” қысымынан қорқып, даулы эпизодтарды назарға алмады», — деді каталон клубының өкілі.

Матч алдында «Real Madrid TV» телеарнасы төреші Бенгоэчеаның бұған дейінгі шешімдерін сынаған бейнематериалдар таратқанын да ескерте кету керек.