13.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барселона» Испания Суперкубогының финалында «Реалды» ойсырата жеңді

Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы «Кинг Абдулла Спортс Сити» стадионында Испания Суперкубогының финалдық матчы өтті, — деп хабарлайды Бірінші бол. Каталондық «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы кездесу 5:2 есебімен аяқталды.

Ойын қарқынды шабуылмен басталып, алғашқы голды 5-минутта «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе соқты. Оған нәтижелі пасты Винисиус Жуниор берген еді. Алайда 22-минутта «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль Роберт Левандовскийдің тамаша пасынан кейін есепті теңестіре алды.

36-минутта Левандовски 11-метрлік айып добын дәл теуіп, «Барселонаны» есепте алға шығарса, ойынның 39-минутында Рафиньяның керемет голы «Барселона» жанкүйерлерін одан әрі қуанта түсті. Ал, бірінші таймның соңында Алехандро Бальде есепті 4:1-ге жеткізді.

Екінші таймда «Барселона» шабуылын жалғастырып, 48-минутта Рафинья тағы гол соқты. «Реал» ойыншылары 60-минутта есепті қысқартқан, гол авторы – Родриго. Бұдан әріге олардың шамасы жетпеді. Осылайша, «Барселона» Испания Суперкубогын иеленді.