Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Барселона» Испания Кубогының 32 дүркін жеңімпазы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Испания Кубогының финалында «Барселона» мен «Реал Мадрид» командалары кездесті.

Ойында есепті «Барселона» сапынан Педри ашты — ол 28-минутта мергендік танытты. Екінші таймда алаңға шыққан Килиан Мбаппе 70-минутта айып соққысынан тамаша гол салып, есепті теңестірді. Арада көп өтпей, 77-минутта Орельен Тчуамени бұрыштамадан асырылған допты қақпаға баспен тура бағыттап, «Реалды» алға шығарды.

Алайда ойынның 84-минутында Ферран Торрес есепті қайта теңестірді. Қосымша уақытта, 116-минутта Жюль Кунде айқын мүмкіндікті сәтті пайдаланып, каталондық клубқа жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Барселона» тарихында 32-рет Испания Кубогының жеңімпазы атанды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!