26.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» Испания чемпионатын жеңіспен аяқтады

«Барселона» Испания чемпионатын жеңіспен аяқтады

Испания Ла Лигасының 38-ші турында «Барселона» сырт алаңда «Атлетикті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бильбаодағы кездесу 3:0 есебімен Барселонаның жеңісімен аяқталды. Роберт Левандовски 14 және 17-минутта гол соқты, 90+4 минутта Дани Ольмо пенальтиді сәтті орындады.

Осылайша, «Барселона» Испания чемпионатының 2024/25 маусымын 88 ұпаймен бірінші орында аяқтады.