22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» «Хетафені» тас-талқан етті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барселона» «Хетафені» тас-талқан етті

Испания чемпионатының 5-турында «Барселона» өз алаңында «Хетафені» 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу Сан-Жоан-Деспидегі «Йохан Круифф» стадионында өтті.

15-минутта Ферран Торрес есеп ашты. 34-минутта ол дубль жасап, Рафиньядан пас алды. Екінші таймның 62-минутында Дани Ольмо Маркус Рашфордтың берілген добына жауап қайырып, есепті түйіндеді.

Бұл жеңістен кейін «Барселона» 13 ұпай жинап, Ла Лига кестесінде екінші орынға жайғасты. Олар көшбасшы «Реалдан» екі ұпайға артта. Ал «Хетафе» тоғыз ұпаймен сегізінші орында тұр.