Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» чемпиондыққа жақындай түсті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барселона» чемпиондыққа жақындай түсті

«Олимпик Льюис Компанис» стадионында өткен Ла Лиганың 35-турында «Барселона» «Реалдан» 4:3 есебімен басым түсті.

Килиан Мбаппе матчты қарқынды бастап, 5-минутта пенальтиден есеп ашты, 14-минутта дубль жасады. Алайда каталондықтар тез ес жиып, 19-минутта Эрик Гарсия есеп айырмасын қысқартты. 32-минутта Ламин Ямаль таразы басын теңестірсе, екі минуттан кейін Рафинья алаң иелерін алға шығарды. Бразилиялық жартылай қорғаушы үзіліске дейін дубль жасап, «Барселонаның» төртінші голын соқты.

Екінші таймда Мбаппе хет-трик авторы атанды (70’), бірақ «Реал» жеңісті жұлып ала алмады — шешуші үш ұпай «Барселонаға» бұйырды.