Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» бес айдан кейін алғаш рет жеңілді

«Барселона» бес айдан кейін алғаш рет жеңілді

Ла Лиганың 37-турында «Барселона» өз алаңында «Вильярреалдан» 2:3 есебімен жеңілді. Бұл — Ханси Фликтің командасы үшін соңғы бес айдағы алғашқы жеңіліс.

Каталондықтар осы уақыт аралығында 17 матч өткізіп, 15 жеңіс, 2 тең ойын нәтижесін тіркеген еді.

Маусымның соңғы турында «Барселона» Бильбаодағы «Атлетикпен» кездеседі. Матч алдағы күндері өтеді.