Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» «Бенфиканы» Чемпиондар лигасында жеңді

Барселона

Лиссабонда Чемпиондар лигасының 1/8 финалының бірінші матчында жергілікті «Бенфика» мен «Барселона» кездесті, деп хабарлайды Championat.com.

Каталон клубы қиын жағдайға тап болды. 22-ші минутта қорғаушы Пау Кубарси қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды.

Сандық кемшілікке қарамастан, қонақтар жеңіске жетті — 61-ші минутта жартылай қорғаушы Рафинья кездесудегі жалғыз голды соқты.

Айта кетейік, «Бенфика» плей-оффқа «Монакомен» өткен стыктік матчтар арқылы шықса, «Барселона» топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 1/8 финалға тікелей өткен болатын.