22.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Барселона бапкері Реалмен матчты өткізіп алады

Барселона бапкері Реалмен матчты өткізіп алады

Испания Корольдік футбол федерациясының тәртіптік комитеті «Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің дисквалификациясына қатысты апелляциясын қабылдамады деп хабарлайды As.

Неміс маманы жақында өткен «Жиронамен» (2:1) матчта төрешінің шешімдеріне келіспеушілік білдіргені үшін екі сары қағаз алып, алаңнан қуылған.

«Екі сары қағазды жою туралы апелляция қабылданбады, бір матчқа дисквалификация түріндегі тәртіптік шаралар күшінде қалады», — делінген комитет мәлімдемесінде.

Нәтижесінде каталондық клубтың жаттықтырушысы 26 қазанға жоспарланған мадридтік «Реалға» қарсы маңызды матчты өткізіп алуға мәжбүр болады.