27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» аңызға айналған оныншы нөмірді жас талантқа береді

«Барселона» аңызға айналған оныншы нөмірді жас талантқа береді

Mundo Deportivo мәліметі бойынша, Ансу Фати «Монакоға» жалға кеткеннен кейін «Барселонадағы» 10-шы нөмірдің жаңа иесі Ламин Ямаль болады.

Өткен маусымда Фати «Брайтонда» ойнап жүргенде оныншы нөмір «тоқтатылып» қойылған еді – енді каталон клубының басшылығы жас талантқа нөмірді беру туралы бірауызды шешім қабылдады.

Ханси Флик командасы маусым алдындағы медициналық тексеруге 13 шілдеде – Ямальдің 18 жасқа толатын күні жиналады. Клуб сол күні ойыншыны жаңа нөмірмен таныстыру рәсімін өткізуді қарастыруда.