25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» 18 жастағы жартылай қорғаушыны неміс клубына сатады

«Барселона» 18 жастағы жартылай қорғаушыны неміс клубына сатады

Флориан Плеттенберг журналисінің мәліметінше, «Барселона» мен «Штутгарт» Ноа Дарвишті трансферлеу туралы келісімге қол жеткізді.

Каталон клубының екінші командасының 18 жастағы жартылай қорғаушысы — бүгін медициналық тексеруден өтіп, 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қояды. Келісімде футболшыны кері сатып алу опциясы мен болашақ сатудан пайыз қарастырылмаған.

Каталон клубы екі жыл бұрын неміс талантын сатып алуға салған инвестицияны — шамамен 2,5 миллион еуроны қайтаруға ниетті. Трансфердің нақты сомасы әзірге жарияланған жоқ.