07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Барсегян: «Кенжебек жақсы деңгей көрсетті, тек бейімделуге уақыт жетпеді»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Барсегян: «Кенжебек жақсы деңгей көрсетті, тек бейімделуге уақыт жетпеді»

Армения құрамасы мен братиславалық «Слованның» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебектің Словакия чемпионатындағы ойынына қатысты пікір білдірді. Бұрын «Қайсар» және «Астана» клубтарында ойнаған Барсегян бұл туралы BorodAbata.kz басылымына берген сұхбатында айтты.

«Ол өте жақсы ойнады. Біз алаңда 2–3 рет жолықтық, сол кезде Ғалымжан жақсы футбол көрсетті. Қателеспесем, бізге қарсы гол соқты немесе нәтижелі пас берді. Ойыны өтпей қалғанының басты себебі — бұл оның Еуропадағы алғашқы маусымы. Мен де «Слованға» алғаш келген жылы қиындау болды. Бірақ екінші, үшінші жылдары бәрі өзгеріп, жақсара түсті. Мұның бәрі бейімделуге байланысты. Мұндағы ауа райы да, алаңдар да өзгеше», — деді Барсегян.

Еске салайық, Ғалымжан Кенжебек 2025 жылдың қысында Словакияның «Кошице» клубына ауысқан болатын. Алайда жазда командадан кетіп, Қазақстанға оралды. Бұған дейін ол Кипрдің «Акритас» клубында да өнер көрсеткен.