29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бақтиёр Зайнутдинов «Динамоға» ауысу себебін түсіндірді және маусымдағы мақсатын айтты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бақтиёр Зайнутдинов «Динамоға» ауысу себебін түсіндірді және маусымдағы мақсатын айтты

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиёр Зайнутдинов не себепті мәскеулік «Динамоға» ауысқанын айтып, жаңа командадағы алғашқы әсерімен бөлісті.

Ойыншының ресми таныстырылымы 28 шілде күні өтті. Ол «Динамомен» төрт жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубында өнер көрсеткен еді.

«Динамо» отбасына қосылғаныма өте қуаныштымын. Жігіттер жылы қарсы алды, бұрыннан бес-алты адамды танимын. Осында болғаныма қуаныштымын. Георгиевичтің жаттығулары өзгеше – өте қарқынды. Жаттығу жиынынан өттім, біртіндеп бабымда келе жатырмын», – деді Зайнутдинов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Футболшы сондай-ақ «Динамо» клубының амбициясы оны осы шешімге итермелегенін атап өтті.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!