24.03.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Бапкерге сенім болмаса, жеңіс те болмайды» – хоккей сарапшысы Артем Буланов «Барыстың» дағдарысы туралы

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

2024/2025 жылғы маусым «Барыс» тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірі болды. Команда тұрақты чемпионатты ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында соңғы орында аяқтап, небәрі 35 ұпай жинады және плей-оффқа шыға алмады. Қорытынды нәтиже – 14 жеңіс және 54 жеңіліс.

«Салават Юлаевқа» қарсы өткен соңғы матч жалпы жағдайды айқындады: 1:4 есебімен жеңіліс және маусымды құтқаруға еш мүмкіндік жоқ.

«Барысты» осындай нәтижеге не жеткізді және болашақта өзгерістер күтіле ме? Sport Pulse порталының сұрақтарына «Головой об лед» бағдарламасының жүргізушісі, хоккей сарапшысы Артем Буланов жауап берді:

«Барыс» үшін тағы бір сәтсіз маусым. Бірақ бұл жолы үмітсіздік сезімі күшейе түсті. Бұрын команда кейде болса да жарқын жеңістерімен қуантатын, ал қазір тіпті ұтқан матчтарды көрнекі деуге келмейді.

«Барыс» «Куньлунь Ред Стардан» екі есе аз шайба соғады – ал бұл клуб бұрын мазақтың нысаны болатын. Бұл – өте маңызды көрсеткіш. Иә, Ғалым Мәмбеталиев үнемі маусым алдындағы дайындықтың жетіспегенін айтады. Егер ол негізгі іргетасты қалаған болса, команда мүлде басқа болар еді деп есептейді. Мүмкін, бұл рас шығар. Оған келесі маусымда мүмкіндік беру керек, бірақ көп нәрсе ойыншылардың сеніміне байланысты болады.

Шетелдік хоккейшілер бапкерге сенбейді. Жергілікті ойыншылар да сенімсіз. Олар сенеміз беп айтқанымен, бұл тек сөз ғана. Егер командада бапкерге деген шынайы сенім болмаса, нәтиже де болмайды. «Барысқа» өзгеріс қажет. Егер бәрі осылай жалғаса берсе, келесі маусымда тағы да ұятқа қаламыз.

Қазақстандық хоккейшілер бір күнде суперойыншыға айнала алмайды – бұл үшін уақыт керек. Бірақ жанкүйерлер жеңісті дәл қазір көргісі келеді. Мен де маусым бойы «Барысты» бақылап, үміттің күннен-күнге азайып бара жатқанын сеземін. Дегенмен оң өзгерістерге қол жеткізуге болажы: ол үшін тек Ғалым Мәмбеталиевтің өзі ғана емес, ойыншылардың да көзқарасы өзгеруі керек».

Маусым аяқталды, бірақ «Барыс» жанкүйерлеріне бұл ешқандай қуаныш сыйлаған жоқ. Команда тек соңғы орынды алып қана қоймай, болашағына қатысты көптеген сұрақтар қалдырды. Ғалым Мәмбеталиев жағдайды өзгерте ала ма? Ойыншылар оған сенім арта ма? Әлде бізді тағы бір сәтсіз жыл күтіп тұр ма? Бұл сұрақтардың жауабын тек уақыт көрсетеді.