06.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бапкер: Махачев пен Топурияның кездесуі – қазір ең маңызды жекпе-жек

Бапкер: Махачев пен Топурияның кездесуі – қазір ең маңызды жекпе-жек

Ислам Махачев пен Илия Топурия арасындағы жекпе-жек – қазіргі таңда UFC-дегі ең басты айқас, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат порталына сілтеме жасап.

Махачевтің бапкері бұл кездесудің маңызын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, бұған дейін басты жекпе-жек Джон Джонс пен Том Аспиналл арасындағы кездесу деп саналса, енді бұл мәртебеге Махачев пен Топурияның айқасы лайық. Егер Ислам алдағы қарсыласын жеңсе, келесі қарсыласы Топурия болуы мүмкін.

— Маған Топурияның бұл жекпе-жекті жарнамалау тәсілі ұнайды. Ол трэш-ток арқылы көпшіліктің назарын аударып жатыр. Адамдар неғұрлым қызықса, бұл кездесу соғұрлым маңызды болады. Оның үстіне, Топурия өте мықты спортшы, салмақ қууға қатысты да еш қиындық көрмей отыр, – деді жаттықтырушы.

Оның айтуынша, Топуриямен болатын айқас – Ислам үшін керемет мүмкіндік. Қазір Махачевтің басты мақсаты – жартылай орта салмақта чемпиондық белбеу жеңіп алу.