05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Балауса Мұздыман 5 қыркүйекте Алматыда рингке оралады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Балауса Мұздыман 5 қыркүйекте Алматыда рингке оралады

Қазақстанның ең үміт күттіретін әрі медиялық тұрғыдан танымал боксшыларының бірі Балауса Мұздыман кәсіби мансабындағы келесі жекпе-жегін күздің басында өткізеді.

Оның сегізінші кездесуі 5 қыркүйек күні Алматыда өтетін бокс кешінде ұйымдастырылады. Шараны белгілі боксшы және промоутер Али Ахмедов басқаратын промоушен өткізеді. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ. Кеште Балаусадан бөлек Али Ахмедовтің өзі және бірнеше қазақстандық боксшы жұдырықтасады деп күтілуде.

Айта кетейік, Балауса Мұздыман (8-0, 6 KO) соңғы жекпе-жегін 6 мамырда, дәл сол Алматыда өткізіп, египеттік Айя Рамаданды (4-1) бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңген болатын. Сол жеңістен кейін ол көрермендер мен сарапшылар назарын тағы бір мәрте өзіне аударған еді.