Оқу уақыты: 1 мин

Балауса Мұздыманның қарсыласы анықталды

Балауса Мұздыманның қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері Балауса Мұздыманның (7-0) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұрымды боксшымыз ринг төріне 6 маусым күні мысырлық Айя Рамаданға (4-0) қарсы көтеріледі. Жекпе-жек All Stars Boxing 4 турнирі аясында, Алматы қаласындағы «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.

Осыған дейін отандасымыз елордада өткен «Battle of the Brave» бокс кешінде филиппіндік Мария Тереза Пинилиді (7-2, 2 КО) төрешілердің бірауыздан берген шешімі бойынша жеңген еді.

Айта кетейік, жеңіл салмақта жұдырықтасатын Балауса Мұздыман әлемдік BoxRec рейтингінде 9-орында тұр.