05.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Балауса Мүздіман Филиппиндік қарсыласын жеңіп, кәсіби мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Балауса Мүздіман Филиппиндік қарсыласын жеңіп, кәсіби мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Балауса Мүздіман (6-0, 5 КО) кәсіби рингтегі жетінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол 8 раундқа созылған айқаста Филиппин өкілі Мария Тереза Пинилиді (7-1, 2 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.

Бұл жекпе-жекте Балаусаға қарсыласын нокаутқа түсіру мүмкін болмаса да, ол басымдықты толық өз қолына алып, сенімді түрде жеңісті қоржынға салды. Осылайша, отандасымыздың рекорды 7 жеңіске (5 нокаут) дейін жетті және ол жеңіліп көрмеген боксшылар қатарында қалды.