01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бактиер Зайнутдинов Уэльсқа қарсы ойында алаңға шықпайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бактиер Зайнутдинов Уэльсқа қарсы ойында алаңға шықпайды

Қазақстан құрамасының тарихтағы үздік сұрмергені Бактиер Зайнутдинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльсқа қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды EldarLIVE.

Мәскеудің «Динамосында» ойнайтын жартылай қорғаушы РПЛ-дың 5-турында ЦСКА-ға қарсы кездесуде негізгі құрамда бастады, бірақ үзілісте өзін жайсыз сезінуіне байланысты алмастырылды. Содан бері Зайнутдинов Ресей кубогы мен чемпионатындағы үш ойынға да қатыспаған.

Сонымен қатар, «Қайрат» футболшысы Еркін Тапалов пен «Тобыл» вингері Ислам Чесноковтың да жарақаттарына байланысты алаңға шығуы екіталай.

Қазақстан құрамасы іріктеу аясында 4 қыркүйекте Астанада Уэльспен, ал 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен ойнайды. Қарсыластардың құрамы да мықты: Уэльс жақында өз тізімін жариялады, ал Бельгия сапында Тибо Куртуа, Кевин Де Брёйне және Жереми Доку секілді жұлдыздар бар.