27.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Байсуфинов Бельгия мен Фарер аралдарымен матчтарға Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

Байсуфинов Бельгия мен Фарер аралдарымен матчтарға Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов алдағы матчтарға команданың кеңейтілген құрамын жариялады.

Тізімге келесі ойыншылар енді:

  • Қақпашылар: Темірлан Анарбеков, Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада, Қажымұқан Төлепберген
  • Қорғаушылар: Арсен Әшірбек, Әділбек Жұмаханов, Еркін Тапалов, Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов, Наурызбек Жағоров, Ян Вороговский, Әлібек Қасым, Талғат Құсяпов, Бағдат Қаиров, Нұралы Әліп
  • Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан Әли Пайруз, Алмас Тұлыбай, Ғалымжан Кенжебек, Муроджон Халматов, Ерсұлтан Қалдыбеков, Дамир Қасабұлат, Георгий Жуков, Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман, Серікжан Мұжықов, Дәурен Жұмат, Ислам Чесноков, Бақтиер Зайнутдинов
  • Шабуылшылар: Максим Самородов, Дастан Сатпаев, Эльхан Астанов, Иван Свиридов, Артур Шушеначев, Оралхан Өміртаев, Рамазан Каримов, Айбар Жақсылықов

Ұлттық құраманы екі матч күтіп тұр — өз алаңында Бельгиямен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кездесуі және сырт алаңда Фарер аралдары құрамасымен жолдастық матч.