23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» клубына ауысуға жақын

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» клубына ауысуға жақын

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жақын арада мәскеулік «Динамо» ойыншысы атануы мүмкін. Бұл туралы «РБ Спорт» хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, түріктің «Бешикташ» клубы футболшыны 5 миллион еуроға бағалап отыр. Ал бастапқыда ресейлік тарап 2 миллион еуро ұсынған. Қайта басталған келіссөздердің нәтижесінде сома шамамен 3 миллион еуроға жеткен.

27 жастағы Зайнутдинов бұған дейін Ресей Премьер-лигасында «Ростов» пен ЦСКА сапында ойнаған. «Ростов» үшін 35 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Ал ЦСКА құрамында 83 матчта 7 гол, 8 ассистпен көзге түсті.

Өткен маусымда жарақатына байланысты Түркияда небәрі 12 матчқа ғана қатыса алды. Қазіргі таңда оның «Бешикташпен» келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін күшінде.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!