03.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бабаян «Қайратпен» болған матчтан кейін өз ойыншыларын сынға алды

Бабаян «Қайратпен» болған матчтан кейін өз ойыншыларын сынға алды

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян «Қайратқа» қарсы (1:1) өткен матчтан кейінгі пікірімен бөлісті, — деп хабарлайды Спорт Пульс тілшісі.

«Бірінші тайм аздап біздің басымдықпен өтті, бірақ тым көп асығыстық болды, қарапайым жағдайларда доптан айырылып қалдық. Екінші таймда үзілісте айтқан сөздерімді бәрі бірдей тыңдамаған сияқты. Қарсыластың бізге гол соғуын күткендей болдық.

Мүмкін, «Қайраттың» дайындығы бізден сәл жақсырақ екенін атап өткен жөн шығар. Олар оқу-жаттығу жиындарын аяқтады, Суперкубок матчын өткізді, жылдам әрі агрессивтірек болды. Бірақ маған біздің қосалқы құрамнан шыққан ойыншылардың ойыны ұнады. Ойын соңында жеңісті жұлып алуға мүмкіндік болды, бірақ Нұрали Жақсылыққа сәл жетпей қалды. Біраз толқу мен қателіктер болды. Есеп әділ деп ойлаймын», – деді Бабаян.

Айта кетейік, алғашқы турдағы матчтан кейін қос команда да бір-бір ұпайдан еншіледі.