27.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

БАӘ президенті Хамзат Чимаевты UFC чемпиондық атағымен құттықтады

БАӘ президенті Хамзат Чимаевты UFC чемпиондық атағымен құттықтады

Хамзат Чимаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мұхаммед ибн Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлайды Aletihad English.

UFC-тің орта салмақтағы чемпионы БАӘ астанасындағы бас нысан — Қаср әл-Ватан президент сарайына барды. Мемлекет басшысы спортшыны чемпиондық белбеуді жеңіп алуымен жеке құттықтады.

Еске сала кетейік, бір ай бұрын Чимаев мансабындағы маңызды жеңіске қол жеткізді — ол UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде Дрикус дю Плессиді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.