05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

БАӘ мен Өзбекстан құрамалары 2026 жылғы ӘЧ іріктеуінде шешуші матч өткізеді

БАӘ мен Өзбекстан құрамалары 2026 жылғы ӘЧ іріктеуінде шешуші матч өткізеді

Бүгін Абу-Дабидегі «Әл-Нахайян» стадионында — 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің БАӘ мен Өзбекстан құрама командалары арасындағы маңызды матчы өтеді.

Қарсыластық трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-де «Qleague» телеарнасында басталады — командалар Азия іріктеуінің үшінші кезеңінің тоғызыншы турында мықтысын анықтайды.

А тобының турнирлік кестесінде Өзбекстан құрамасы 17 ұпаймен екінші орында тұр, ал БАӘ командасы 13 ұпаймен үшінші орында — бірінші айналымда өзбек футболшылары 1:0 есебімен минималды жеңіске жетті.