Оқу уақыты: 1 мин

«Азулы командаларға қарсы ойнау әрқашан қызықты» — Адам Адахаджиев «Қайратпен» болатын ойын туралы

«Азулы командаларға қарсы ойнау әрқашан қызықты» — Адам Адахаджиев «Қайратпен» болатын ойын туралы

24-ші мамырда Қазақстан премьер-лигасының оныншы турында Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда Алматының «Қайратымен» кездеседі.

Өткен турда Андрей Ферапонтовтың шәкірттері өз алаңында «Ақтөбеге» 1:3 есебімен есе жіберді. «Қайрат» та ұтылып қалды — Семейде «Елімайдан» 0:1 есебімен жеңілді.

Турнирлік кестеде көшбасшы— «Ақтөбе» аяқдопшылары (10 ойын, 25 ұпай). Олардың артынан «Қайрат» (23) пен «Астана» (21) келеді. Үздік үштіктен бір ойын кем өткізген «Оқжетпес» 14 ұпаймен, 7-орында тұр (4 жеңіс, 2 тең ойын, 3 жеңіліс).

«Оқжетпестің» жартылай қорғаушысы Адам Адахаджиев Sport Pulse порталына алдағы ойынға қатысты пікір айтты:

— Азулы командаларға қарсы ойнау әрқашан қызықты. Ал «Қайрат» — жай ғана мықты қарсылас емес, бұл — қазіргі чемпион. Біз бұл ойынды тағатсыздана күтіп жүрміз. Жеке өзім үшін бұл ерекше матч: «Қайрат» — менің екінші үйім, өмірімнің көп бөлігін сол жерде өткіздім. Алаңда өткізген әр секундтан ләззат аламын. Керемет стадион, тамаша алаң — мұндай жағдайларда ойнау бір ғанибет. Жақсы футбол көрсетіп, жанкүйерлерімізді қуантамыз деп үміттенемін.

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 24 мамыр

Басталуы: 18:00 (тікелей эфир 17:55-тен)

Стадион: «Орталық стадион», Алматы

Көрсетілім: Qazsport телеарнасы

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!