07.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Азия Ойындарының» бағдарламасына бокс қосылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Азияның Олимпадалық Кеңесі» биыл Бахрейнде өтетін III «жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындарының» бағдарламасына бокс спортын қосқанын хабарлады.

Бұған дейін бұл жарыста бокс болмаған. Бокс додасының енгізілуіне «World Boxing» федерациясының Халықаралық Олимпиада комитетінен уақытша мойындалуы әсер еткен.

Жарыстың форматы мен іріктеу кезеңдері туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

«Жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындары» алғаш рет 2009 жылы Сингапурда, 2013 жылы Қытайда өткен. Бұл жарыс — 18 жасқа дейінгі жастар қатысатын Азияның маңызды турнирі.