10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азия ойындары-2025: Қазақстан ерлер құрамасы Филиппинге есе жіберді

Азия ойындары-2025: Қазақстан ерлер құрамасы Филиппинге есе жіберді

2025 жылғы қысқы Азия ойындары аясында 10 ақпан күні керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде екінші ойынын өткізді. Бұл туралы prosports.kz жазды.

Қазақстан атынан Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсайынов, Арман Ирджанов өнер көрсетті.

Отандастарымыз Филиппиндерге қарсы матч өткізді. Тартысты бәсекеде Филиппин құрамасы 1:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, ұлттық құрама 11 ақпан күні Астана уақытымен сағат 11:00-де Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.