22.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азия ойындары: Қазақстан БАӘ құрамасына жол берді

Азия ойындары: Қазақстан БАӘ құрамасына жол берді

Ерлерден Қазақстан құрамасы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

B тобындағы кезекті ойында қазақстандық команда Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасымен кездесті.

Кездесу тартысты әрі эмоцияға толы өтті. Дегенмен қарсылас команда мықтырақ ойын көрсетті.

Ойын 35:27 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.