20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орын алды

Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орын алды

Вьетнамның Да Нанг қаласында өткен грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатында қазақстандық балуандар жалпы командалық есепте топ жарды.

Құрлықтық додада қазақстандық балуандар барлығы 8 жүлде жеңіп алды. Оның 4-уі алтын, 3-уі күміс, 1-уі қола.

Азия біріншілігінде Исхар Құрбаев (60 келі), Бағдат Сабаз (67 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі), Ерасыл Мамырбеков (55 келі) топ жарды.

Ал Юсуф Мациев (97 келі, Джохар Узаров (130 келі) пен Максат Сайлау (87 келі) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Диас Қалтай (82 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Жарыс нәтижесі бойынша құрама 177 ұпай жинап, Азияның үздік командасы атанды.