04.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азия чемпионаты-2025: Нұрасыл Асылхан қарсыласынан нокаутпен жеңілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Азия чемпионаты-2025: Нұрасыл Асылхан қарсыласынан нокаутпен жеңілді

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Нурасыл Асылхан алғашқы кездесуінде жарыс жолынан шығып қалды.

U19 және U22 жас категорияларын біріктірген, World Boxing ұйымы аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан бұл біріншіліктегі ширек финалда Нурасыл өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Бір раундтың ішінде екі рет нокдаун алған қазақстандық боксшыны төреші тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, Мамасолиев мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды және кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Ал Нурасыл Асылхан үшін бұл турнир дебюттік әрі сәтсіз аяқталған жарыс болды.