30.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азия бокс конфедерациясы Қазақстанның Азия чемпионатындағы үстемдігін мойындады

Азия бокс конфедерациясы Қазақстанның Азия чемпионатындағы үстемдігін мойындады

Азия бокс конфедерациясының (ASBC) ресми сайты Коломбода (Шри-Ланка) өткен жастар және 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қорытындысында Қазақстан құрамасының нәтижесін, сондай-ақ Орталық Азияның басқа өкілдерінің табысын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшылар барлығы 41 алтын, алты күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

«Қазақстан 22 жасқа дейінгі жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында 41 алтын медальмен бірінші орынға шықты. Қазақстанның жас таланттары мен 22 жасқа дейінгі боксшылары Коломбода өздерінің артықшылығын дәлелдеді және бұл Орталық Азия бокс державасы барлық қол жетімді атақтардың 80 пайызынан астамын жеңіп алды.

Қырғызстан үш алтын, он күміс және он қола медаль жеңіп алып, жарыстың ресми медальдық рейтингінде екінші орын алды. Барлығы 23 медаль Қырғызстан бокс тарихындағы рекорд болды.

Тәжікстан соңғы жылдардағы сенімді прогрессін жалғастырып, Коломбода үш алтын, сондай-ақ бес күміс және сегіз қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы жастар чемпионатының үздік боксшысы болып тәжікстандық Абубакр Гафуров танылды», — делінген мақалада.