06.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әзірбайжан футбол Премьер-лигасында легионерлерге барлық шектеулерді алып тастады

Әзірбайжан футбол Премьер-лигасында легионерлерге барлық шектеулерді алып тастады

Report.az мәліметі бойынша,  Әзірбайжан футбол федерациясы қауымдастығы нақты шешім қабылдады. Ол жергілікті Премьер-лигада легионерлерге қойылатын шектеулерді толығымен алып тастау туралы.

Келесі маусымнан (2025/26) бастап күшіне енетін жаңа ережелер клубтарға матчқа өтінімге 17-ге дейін шетелдік футболшыны енгізуге мүмкіндік береді; бұл ретте алаңда бір мезгілде 11 легионер бола алады.

Айта кетейік, Әзірбайжан чемпионатында қазақстандық футболдың өкілі — ұлттық құраманың негізгі қақпашысы Стас Покатилов «Сабах» клубының намысын қорғауда.