04.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азатбек Жолдасхан Азия чемпионатында ширек финалда жеңілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Азатбек Жолдасхан Азия чемпионатында ширек финалда жеңілді

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан World Boxing ұйымы ұйымдастырған 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Азатбек Жолдасхан турнирді ширек финалда аяқтады.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жолдасхан үндістандық Роки Чаудхаримен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің соңында төрешілер жеңісті Чаудхариге берді. Осылайша, үнді боксшысы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті, ал Азатбек жарыс жолынан шығып қалды.

Еске салайық, Азатбек Жолдасхан бұған дейін Астанада өткен жастар және 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында топ жарып, құрлық чемпионы атанған болатын.