21.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азат Мақсұм Бакуде UFC турнирінде Тағир Ұланбековпен жекпе-жек өткізеді

Азат Мақсұм Бакуде UFC турнирінде Тағир Ұланбековпен жекпе-жек өткізеді

Бакудегі UFC on ABC 8 турнирінде бүгін кешке Азат Мақсұм (15-1) Тағир Ұланбековпен (16-2) кездеседі.

Жекпе-жек Астана уақытымен 21:20-да басталады — трансляция UFC ресми порталында көрсетіледі.

Қазақстандық жауынгер үшін бұл промоушендегі үшінші жекпе-жек болмақ — екі жыл бұрын Тайсон Нэмді жеңіп дебют жасағаннан кейін, Мақсұм өткен жылдың басында Чарльз Джонсонға жеңіліс тапты. Оның қарсыласы Ұланбековтің UFC-дегі әсерлі рекорды бар — бес жеңіс, бір жеңіліс.