25.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азат Мақсұм Әбу-Дабиде америкалыққа қарсы UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді

Азат Мақсұм Әбу-Дабиде америкалыққа қарсы UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық жауынгер Азат Мақсұм (15-2) Әбу-Дабидегі UFC 321 турнирінде америкалық Митч Рапосомен (9-3) кездеседі — жекпе-жек сенбі күні Etihad Arena-да өтеді.

Жекпе-жектің трансляциясы Астана уақыты бойынша 19:20-да басталады, бұл ретте букмекерлер Қазақстан өкілін кездесудің айқын фавориті деп санайды.

Өзінің соңғы жекпе-жегінде Мақсұм төрт ай бұрын ресейлік Тағир Ұланбековтен (17-2) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілді. Рапосо да жарты жыл бұрын қытайлық Су Мудаержиден (18-7) төрешілер шешімімен жеңілген.

Қазақстандық жауынгердің UFC-де үш жекпе-жегі бар — бір жеңіс және екі жеңіліс, ал оның қарсыласы промоушендегі екі кездесуде де жеңіліске ұшыраған.