Оқу уақыты: 1 мин

Азат Мақсұм Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінде өнер көрсетеді

Азат Мақсұм Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінде өнер көрсетеді

Азат Максұм бұрынғы Rizin және Bellator чемпионы, UFC титулына бұрынғы үміткер Киоджи Хоригучиді алмастырады, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық жауынгер (1-1, UFC) 21 маусымда Бакуде өтетін UFC Fight Night-та Тагир Уланбековтың  (5-1, UFC) қарсыласы болады.

Хоригучи UFC-де 2016 жылдың қарашасынан бері өнер көрсеткен жоқ. 2015 жылдың сәуірінде ол белбеу үшін шайқасты, бірақ чемпион Деметриус Джонсоннан жеңіліп қалды.

Естке сала кетейік, Мақсұм соңғы рет октагонға 2024 жылы шыққан еді. Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Fight Night 235 турнирінде ол американдық жауынгер Чарльз Джонсонға қарсы шықты (13 жеңіс, 6 жеңіліс). Ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Барлығы төрешілер шешімімен аяқталды. Төрешілер бірауыздан Джонсонға жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, UFC турнирі тарихта алғаш рет Әзірбайжанда өткелі отыр. Айтулы оқиға 21 маусымда Бакудегі «Baku Crystal Hall» спорт сарайыеда өтеді.