26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азат Максим келесі жекпе-жегін Абу-Дабиде өткізеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Азат Максим келесі жекпе-жегін Абу-Дабиде өткізеді

UFC ұйымы қазақстандық файтер Азат Максумның (15-2) келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Ол 25 қазан күні Абу-Дабиде өтетін турнирде америкалық Митч Рапосомен (9-3) күш сынасады.

Бұл жекпе-жек — Азат үшін өзін қайта дәлелдеуге берілген мүмкіндік. Бұған дейін ол UFC аясында екі рет даулы жеңіліс тіркеген еді. Маусым айында ресейлік Тагир Уланбековке (17-2) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жол берген болатын. Алайда бұл шешіммен келіспеген жанкүйерлер мен сарапшылар аз болмады.

Оған дейін Максум америкалық Чарльз Джонсоннан (17-7) да дәл осындай жолмен ұтылып қалған. Осылайша, оның UFC-дегі рекорды — 1 жеңіс, 2 жеңіліс.

Ал Митч Рапосо бұған дейін Contender Series пен DWCS турнирлерінде өнер көрсетіп, енді UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне дайындалуда. Айқас наилегчайший салмақта өтеді.