10.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азар Реалдың Чемпиондар лигасындағы жеңісіне қосқан үлесі туралы айтты

Азар Реалдың Чемпиондар лигасындағы жеңісіне қосқан үлесі туралы айтты

Бұрынғы жартылай қорғаушы Эден Азар ZackNaniProd-қа берген сұхбатында үш жыл бұрын Мадрид «Реалының» Чемпиондар лигасындағы жеңісіне қосқан үлесі туралы айтты.

«Тибо Куртуа мен Карим Бензема Чемпиондар лигасын жеңуге көмектесті. Ал мен команданың атмосферасын қалыптастыруға үлес қостым. Адамдар мұны байқамайды, бірақ бұл маңызды. Сол жыл әсерлі болды»

Айта кетерлігі, бельгиялық футболшы — жеңіс маусымында турнирдің үш матчында небары 83 минут алаңда болды.