18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Айжан Құлбаева Астанадағы сот қызметкерлері арасындағы шахмат турнирінде жеңіске жетті

«Астана соты» баспасөз қызметінің мәліметінше, судья Айжан Құлбаева елорда соттары қызметкерлері арасындағы шахмат турнирінде бірінші орынды иеленді.

«Қазақстан Судьялар одағының» Астана филиалы бірнеше спорт түрінен жарыстар ұйымдастырды. Олардың қатарында:

— волейбол
— үстел теннисі
— шахмат
— дойбы

Айжан Құлбаева шахматтан жоғары шеберлік көрсетіп, әйелдер арасында алтын медаль жеңіп алды. Ол бір жыл бұрын ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бішімбаевтың ісін қараған судья ретінде танылған.