03.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Айымбетовке Flashscore қандай баға берді?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркия чемпионаты аясындағы «Адана Демирспор» құрамында «Қасымпашаға» қарсы ойындағы бағасын білді, — деп хабарлайды Prosports.kz.

Аданада өткен 22-турдағы ойында қонақтар 3:5 есебімен ұтты.

Айымбетов негізгі құрамда шығып, 88-минутта гол соқты.

Қазақстандық Flashscore-тен 6,5 ұпай алды. Ең жоғары ұпайды қорғаушы Толга Календер – 8,0 және жартылай қорғаушылар Набил Алиуи – 7,3, Тайфун Айдоған – 6,8 жинады. Ал ең төменгі көрсеткіш қақпашы Дениз Донмезерге тиесілі – 5,0.

Айымбетов үшін бұл гол Түркия чемпионатының ағымдағы маусымындағы 16 матчтағы төртінші голы болды.

Қасымпаша 28 ұпаймен турнир кестесінде сегізінші орында. Адана Демирспор сегіз ұпаймен соңғы орында.

Келесі турда 9 ақпанда «Адана Демирспор» сырт алаңда «Галатасараймен» ойнаса, «Касымпаша» Ризеспорды қабылдайды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!