24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Айсулу» Еуропаның әйелдер хоккей лигасында чемпион атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Тарихи жетістік, «Айсулу» Еуропаның әйелдер хоккей лигасында чемпион атанды!

Алматылық клуб финалда Австрияның Санкт-Пельтен қаласынан келген «Сэйбрсті» жеңіп, Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.

Бірінші матч 1:1 есебімен тең аяқталса, қарымта ойында «Айсулу» 2:1 есебімен басым түсті. Финалдық кездесуде команда сапынан Кэйсиди Мэйплторп, Роксан Риу және Эннализ Кристина Хейс шайба соқты.

Айта кетейік, «Айсулу» сапында биылғы қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған Қазақстан құрамасының сегіз ойыншысы бар: қорғаушылар Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова және шабуылшылар Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!