07.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Айнтрахт» «Аяксты» тізе бүктірді

6 наурыз, бейсенбі күні франкфурттық «Айнтрахт» Еуропа лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында «Аяксты» 2:1 есебімен жеңді.

Неміс командасының құрамында голдарды Уго Ларссон (28-минут) мен Эллиес Шкири (70-минут) соқты. Ал «Аякстың» жалғыз голын Брайан Бробби (10-минут) соқты.

Қарымта матч 13 наурызда Франкфурттағы «Дойче Банк Парк» стадионында өтеді.

Келесі кездесуде «Айнтрахт» Германия чемпионатында «Унион Берлинді» қабылдайды, ал «Аякс» Эредивизиде қонақта «Зволлемен» ойнайды. Екі матч та 9 наурызда өтеді.