Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Әйелдер арасындағы Қазақстан Премьер-Лигасының 2-тур ойындары аяқталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Тур аясында бірнеше сенсациялық нәтиже тіркелді:

  • «Тұран» өз алаңында «Оқжетпесті» 18:0 есебімен ойсырата жеңді — бұл турдың ең ірі нәтижесі.
  • «БИИК-Шымкент» те қарсыласын аямай, «Астананы» 9:0 есебімен тізе бүктірді.
  • «Ақтөбе» «Қайсарды» 8:0 есебімен ұтты.
  • «Қызылжар» «Ұлытаудан» 1:0 есебімен басым түсті.
  • «Қайрат» өз алаңында «Елімайға» 0:2 есебімен жол берді.
  • «Жеңіс» пен «Жетісу» арасындағы кездесуде елордалықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
  • «Атырау» мен «Тобыл» арасындағы тартысты матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Турнир енді қыза түсті, ал көшбасшылыққа алғашқы үміткерлер анықтала бастады.