18.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Айбота Ертайқызы – Азия чемпионы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Айбота Ертайқызы – Азия чемпионы

Қазақстандық көркем гимнаст Айбота Ертайқызы Сингапурда өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Жекелей сындағы лента жаттығуының финалында Айбота 28.15 ұпай жинап, барлық қарсыластарынан озып шықты.

Нәтижелер:

  1. Айбота Ертайқызы (Қазақстан) – 28.15
  2.  Наталья Усова (Өзбекстан) – 27.55
  3.  Рейна Матсусаки (Жапония) – 27.20

Бұл жеңіс — Айботаның халықаралық ареналардағы ірі жетістіктерінің бірі.