Оқу уақыты: 1 мин

Айбек Қабылша Виктор Кумыков туралы пікір білдірді

Айбек Қабылша Виктор Кумыков туралы пікір білдірді

Shaiba.kz хабарлағандай, спорт журналисі және комментатор Айбек Қабылша «Қайсар» бас бапкері Виктор Кумыковтың жұмысы туралы пікір білдірді.

Неге Кумыковты «Астана», «Ақтөбе» сияқты үздік командаларға алмайды? Кумыков әлі күнге дейін жұмыс істеген командаларында сәтсіздікке ұшыраған емес. Әрдайым үмітті ақтайды. Қарағанды «Шахтерінің» бапкері болған кезінде, Қазақстан тарихында алғаш рет еурокубоктардың топтық кезеңіне шықты. Ірі қорғаушылармен ойнағаны, стандарттарға мән бергені рас, бірақ нәтиже берді, — деді Қабылша «Pluste Bol» YouTube-арнасының эфирінде.

Маусым басында Қызылорда облысының басшылығы шешім қабылдады — «Қайсар» тек қазақстандық құраммен өнер көрсететін болады. Қазіргі уақытта барлық легионерлермен қоштасқан команда жеті матчта төрт ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде 11-орында тұр.