25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аян Байдаулетов: ақтөбеліктерге басқасы басқа, дәл «Қайраттан» жеңілмеу қажет

Аян Байдаулетов: ақтөбеліктерге басқасы басқа, дәл «Қайраттан» жеңілмеу қажет

«Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Аян Байдаулетов «Спорт Пульс» YouTube арнасына берген сұхбатында ақтөбеліктердің «Қайратқа» қарсы ойынға ерекше жігермен шығатынын айтты.

«Бізге бала кезімізден бастап, басқасы басқа, дәл осы «Қайрат» командасына қарсы матчта жеңілмеу қажет екенін айтады. Қазіргі жанкүйерлердің де талабы солай: «Жетісу», «Қызылжар» сынды клубтардан жеңілсек, оған қатты мән бермейді. Бірақ дәл «Қайраттан» жеңілуге болмайды деген ұстаным бар».

Журналистің “Болашақта «Қайрат», «Ордабасы» сынды клубтарға ауысуға көзқарасың қалай?” деген сұрағына Аян былай деп жауап берді

«Қазір ауысамын, ауыспаймын деп айтқаныммен, болашақта өз сөзім, өзіме қарсы келуі мүмкін. Бірақ «Қайратқа» ауыспаймын деп айта аламын».

Айта кетейік, 19 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда «ақ-қызылдар» жейдесінде бір гол соғып үлгерді. Ол голын да «Қайрат» қақпасына соқты.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!