12.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аян Байдәулетов польшалық клубтың назарына ілікті

Аян Байдәулетов польшалық клубтың назарына ілікті

«Ақтөбе» және Қазақстан U-21 құрамасының жас жартылай қорғаушысы Аян Байдәулетов варшавалық «Легияының» назарына ілікті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Польшалық клубтың скауттары 19 жастағы жартылай қорғаушыға «Ақтөбеге» (1:0) қарсы Конференция лигасының тамыздағы ойынынан кейін назар аударды. Осыған дейін футболшыға алматылық «Қайрат» та қызығушылық танытқаны хабарланған болатын.

8 қыркүйекте Байдәулетов Англиямен матчқа негізгі құрамда шығып, Қазақстан жастар құрамасының сапында дебют матчын өткізді.