25.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ауыр салмақтағы UFC чемпионы кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Ауыр салмақтағы UFC чемпионы кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Қазіргі ауыр салмақтағы UFC чемпионы, 32 жастағы англиялық файтер Том Аспиналл аңызға айналған экс-чемпион әрі рестлинг жұлдызы Брок Леснармен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтт, деп жазады Prosports.kz.

«Менің арманымдағы жекпе-жек? Әрине, Брок Леснар, оның жасы аздай ұлғайып қалса да», — деді Аспиналл UFC баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, британиялықтың келесі қарсыласы белгілі. 25-26 қазан түні БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өтетін UFC 321 турнирінде Аспиналл титулын алғашқы рет қорғайды. Қарсыласы — ауыр салмақтағы бұрынғы уақытша чемпион, франциялық Сирил Ган.